Legalbet.kz сайтының мәліметінше, қазақстандық 18 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбет жақын арада солигорскілік «Шахтермен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 ақпанда Нұрымбет «Шахтер» сапында «Неманға» қарсы жолдастық кездесуде (1:2) өнер көрсетті.

Жартылай қорғаушы «Шахтерде» қаралымнан өткенге дейін хорватиялық «Локомотивпен» жаттықты.

Өткен маусымда Нұрмыбет минскілік «Энергетик-БГУ» сапында Беларусь Жоғарғы лигасында 12 матч өткізіп, екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Football.by сайты жартылай қорғаушыны маусымның басты жаңалықтарының қатарына қосты.

Transfermarkt Нұрымбетті 175 мың еуроға бағалап отыр.

Жартылай қорғаушы «Тараз U19» және «Ұлытау» командаларында өнер көрсеткен.

Футболшының Қазақстан U19 құрамасы сапында бес ойын өткізген.