Prosports.kz сайты бүгінгі мақаласында Instagram әлеуметтік желісіндегі ең танымал қазақстандық футболшылардың топ-5 тізімін жасады.

1. Бақтиер Зайнутдинов – 307 мың жазылушы

Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген және түркиялық «Бешікташ» футболшысы ең танымал қазақстандық ойыншылар тізімінде үлкен басымдықпен көш бастап тұр. Жартылай қорғаушының 307 мың жазылушысы бар. Зайнутдинов Түркияға ауысқаннан кейін аудиториясын бірнеше есе арттырып алды. Бақтиер 258 мың жазылушысы бар Қазақстан құрамасының парақшасын озды.

2. Абат Айымбетов - 146 мың

Жақында ғана Түркия чемпионатына ауысқан Абат Айымбетов Instagram желісіндегі аудиториясын арттырды. Қазір шабуылшыға 146 мың қолданушы жазылды, бұл «Адана Демирспор» сапындағы бірнеше матчтан кейін. Түрік әлеуметтік желі қолданушылары әлемдегі ең белсенділердің қатарында.

3. Бауыржан Исламхан - 120 мың

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны соңғы бірнеше жылда сәтсіздіктерді бастан кешірсе де, Бауыржан Исламхан әлі күнге дейін ең танымал ойыншылар қатарында. Исламханның Instagram парақшасында қазір 120 мың жазылушы бар.

4. Александр Зуев - 58,4 мың

Төртінші орында былтыр Қазақстан құрамасы сапында дебютін өткізген Александр Зуев. Жартылай қорғаушыға 58 мыңнан астам қолданушы жазылған және олардың басым бөлігі қазақстандықтар болмауы мүмкін.

5. Нұралы Әліп - 44,5 мың

Бестікті 44,5 мың жазылушысы бар Нұралы Әліп түйіндеді. Қазақстан құрамасы ойыншысының бұдан да танымал болаға мүмкіндігі зор. Бұл ойыншы топ-5 чемпионатқа ауысса орындалуы мүмкін.