Испаниялық Relevo-да ММА және бокс туралы жазатын журналист Альваро Каррера Prosports.kz сайтына қазақстандық «Зүлфикарды» UFC-де қандай текетірес күтіп тұрғанын айтып берді.

«Асуға келер болсақ, мен оның көп жекпе-жегін көрмедім, бірақ BRAVE CF-ден келіп, UFC-дегі дебют жекпе-жегінде жеңіске жеткен қазақстандық жақсы көрінді. Вергара оған жақсы сынақ болады - стильдер қақтығысы болады, бірақ менің ойымша, Асу мықтырақ және қарсыласын партерде тоқтата алады», - деді сарапшы.

Қазақстандық Асу Алмабаев (18-2) пен америкалық Си Джей Вергара (12-4-1) арасындағы жекпе-жек 10 наурызда Майамиде UFC 299 турнирінде өтеді.