Хорватиялық жас қорғаушы Марин Беланчич «Жеңіс» футбол клубының сапын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марин хорватиялық «Пула» футбол клубының түлегі. Ол өзінің кәсіби мансабын 2019 жылы Италия сериясында «Марина ди Рагуса» клубында бастады. 2021-2022 жылдары Хорватияның «Опатия» және «Драговоляк» футбол клубтарында ойнаған.

Өткен маусымда «Цибалия» клубында өнер көрсетті.