Шабуылшы Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» сапында 10 нөмірде ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Санти Ауна әлеуметтік желіде хабарлады.

Қазіргі уақытта Лука Модрич «Лос-Бланкос» сапында 10 нөмірді киіп жүр, бейресми ақпарат бойынша маусым соңында командадан кетеді.

Мбаппе қазір ПСЖ сапында 7 нөмірлі жидені киіп жүр.

Бұған дейін испандық команда Мбаппемен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Мбаппенің «Реалмен» келісімі 2024 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.