«Тұранның» бұрынғы шабуылшысы Алияр Мұхамед мансабын «Жетісуда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мұхамед шымкенттік футболдың түлегі. 2021 жылдан бері «Тұран» клубында ойнаса, 2018-2020 жылдары Әлияр «Оңтүстік» академиясының намысын қорғады.

2021 жылдың наурыз айында Мұхамед Қазақстан жастар құрамасына шақырылып, Солтүстік Македонияға қарсы ойында алғашқы ойынын өткізді.

Өткен маусымда шабуылшы «Мақтаарал» сапында өнер көрсетті.