Хорватиялық жас қорғаушы Марин Беланчич «Жеңіс» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марин Хорватияның «Пула» футбол клубының түлегі. Ол өзінің кәсіби мансабын 2019 жылы Италиялық Серия Д лигасында өнер көрсететін «Марина ди Рагуза» клубында бастады. 2021-2022 жылдары Хорватияның «Опатия» және «Драговоляц» футбол клубтарында ойнаған. Өткен маусымда ол «Цибалия» футбол клубында ойнады.