2025 жылғы Африка ұлттар кубогы жазда Мароккода өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

RMC Sport басылымының мәліметінше, Африка футбол конфедерациясы (CAF) келесі Африка кубогын жазда өткізуге келіскен. Ұсынылған турнир күндері - 2025 жылың 20 шілдесінен 16 немесе 17 тамызға дейін.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы Африка Ұлттар кубогы Кот-д'Ивуарда бес қаладағы алты стадионда (Абиджан, Буаке, Корхого, Сан-Педро, Ямусукро) 13 қаңтар мен 11 ақпан аралығында өтті. Турнирге 24 ұлттық құрама қатысқан.

Турнир чемпионы Африка кубогын қабылдаған Кот-д'Ивуар атанды. Нигерия құрамасы екінші, Оңтүстік Африка үшінші орын алды.