Түркиялық «Бешікташ» жартылай қорғаушы Эмирхан Делибашпен келісімшартын бұзды, себебі ойыншының танысу сайтында аккаунты болған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөз мәліметінше, жанкүйерлер футболшының әрекетіне ашулы болған. Сондықтан клуб ойыншымен қоштасуды жөн көріпті. Фанаттардың пікірінше, ойыншы қыздар іздемей, футболға көңіл бөлуі керек.

21 жастағы Делибаш - «Бешікташ» түлегі.