Қызылордалық «Қайсар» шабуылшы Марлен Аймановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» академиясының 24 жастағы түлегі бұған дейін «Қайрат», «Арыс», «Мақтаарал», «Екібастұз», «Ақсу Ж» және «Хан Тәңірі» жастар командаларында өнер көрсеткен.

Айманов «Қайсармен» келісімге отырған сегізінші шабуылшы болды. «Қайсар» сапында Аймановтан бөлек Өркен Махан, Елжас Алтынбеков, Бақдәулет Зүлфиқаров, Шохназар Норбеков, Ерсұлтан Төреқұл, Айбар Жақсылықов және Тоқтар Жаңғылышбай сынды шабуылшылар бар.