Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті чемпионаты аясында «Барыс» сырт алаңда Хабаровскінің «Амурына» қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:2 есебімен қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды. Бұл Олег Болякин командасының қатарынан екінші жеңілісі. Кейінгі ойында астаналықтар да «Амурға» есе жіберді (4:1).

«Амур» (Хабаровск) – «Барыс» (Астана) 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

Шайба соққандар:

1:0 - Слепец (Панюков), 19:46

2:0 - Хохлачев (Гуркин, Бродхерст), 27:29

2:1 - Лабейт (Оберг) - 37:06 ГБ

Қақпашылар: Бобков - Шутов