Еліміздегі ең мықты ММА файтерлердің бірі Зәмзәгүл Файзолланова октагонға жақын арада оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Бопай» соңғы екі жекпе жегін америкалық PFL лигасында өткізген еді. Гран-приге қатысқанымен, қос кездесуде де қазақстандық спортшы нокаутпен ұтылды. Оның қарсыластары Лариса Пачеко мен Мартина Жиндрова болған еді.

Файзолланованың Alash Pride турниріндегі рекорды - 6:0.