Бүгін Анахаймда (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 298 турнирі өтіп, оның басты шайқасында ұйымның қазіргі жеңіл салмақтағы чемпионы (65 келіге дейін) австралиялық Алекс Волкановски грузин Илья Топуриямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топурия екінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша Илья жеңіл салмақта UFC-дің жаңа чемпионы атанды.

Грузин текті испандық файтер кәсіпқойдағы дебютін 2015 жылы өткізіп, 2020 жылдың қазан айында UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізді.