Құрлықтық хоккей лигасының кезекті маусымындағы ойында Амур өз алаңында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда 64 кездесуде бар болғаны 48 ұпай жинап, Шығыс конференциясында соңғы орында тұр. Астаналық клуб «Адмиралдан» үш ұпайға қалып келеді.

Маусымның соңғы кезеңі астаналықтар үшін мүлде бұлыңғыр. Соңғы 13 матчта бір матчта ғана жеңіске жетті.

Бұл командалар арасындағы соңғы кездесу 4:1 есебімен амурлықтардың жеңісімен аяқталды

«Амур» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталып, осы СІЛТЕМЕ арқылыкөруге болады.