Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ҚКФЛ қысқы Кубогының екінші жартылай финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тобыл» «Ақтөбені» 4:2 есебімен жеңді. Жеңімпаз команданың сапынан Ахмед Эль-Мессауди (дубль), Ислам Чесноков пен Игор Иванович көзге түсті.

Осылайша «Тобыл» ҚКФЛ қысқы кубогының екінші финалисі атанды. Алғаш финалға шыққан - «Ордабасы».