«Милан» қожайыны Джерри Кардинале клубты сатуды жоспарламағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Бұған дейін Сауд Арабиясының ұлттық қоры (PIF) RedBird Capital-дан клубтың акцияларының бақылау пакетін сатып алғысы келгені белгілі болған.

«Менен бастап бәрі жақсырақ жұмыс істеуі керек. Бірақ мен кетпеймін, осында қаламын. Жеңістерді менен артық ешкім қаламайды.

Клубты сату туралы ақпараттар - бұл өтірік. Мен мұнда көп уақыт боламын, бұл менің жұмысым. Мен «Миланды» А Сериясы мен Еуропаның шыңына қайтарамын деп үміттенемін және оған қол жеткізбейінше тоқтамаймын. Ал жетістікке жеткенде тағы да қайталаймыз.

Жанкүйерлерге корпоративтік құрылымдағы жалған өзгерістер туралы хабарлау арқылы тұрақсыздық туралы ойлауға мәжбүр етеді», - деді Кардинале.