Қамауда жатқан бразилиялық футболшы Дани Алвес түрмеден уақытша босатылған жағдайда қашып кетпек болған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап.

Marca ақпараты бойынша, Tarde AR бағдарламасында жүргізуші Сильвия Саломо Альвес камераластарына қашу жоспары туралы бірнеше рет айтқанын хабарлады. Бұл туралы журналистерге олардың бірі айтты. Жүргізуші әңгімеге кімдер қатысқаны, қай жерде болғаны туралы мәлімет беретінін айтты.

Айта кетейік, сот айыпталушының қашып кету қаупі бар деп шешкен, содан кейін сот Альвесті кепілге босатудан үш рет бас тартқан.

5 ақпанда AS Алвестің адвокаттары прокуратурамен және жәбірленуші тараппен келісімге келмегенін хабарлады. Прокурорлар 40 жастағы бразилиялықты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды және одан жәбірленушіге 150 мың еуро төлеуді талап етіп отыр.

2023 жылдың 20 қаңтарында Алвес Испанияда жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен ұсталды. Содан бері ол қамауда отыр.