Бүгін Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің іріктеу кезеңі аясында матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыласы польшалық Магдалена Френх болды. Қазақстандық теннисші соңына дейін күресті, бірақ жеңіске жете алмады. Матч 3-6, 6-3, 4-6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Путинцева турнирдегі өнерін аяқтады.