OCTAGON 55 турнирінде бастапқы кардтың соңғы жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Аса ауыр салмақта әзірбайжандық Махаммад Абдуллаев (3-1) қазақ ММА-ның өкілі Полат Мурсалиевпен (3-1) кездесті.

Қазақстандық файтер кездесудің басында жекпе-жекті ерте аяқтауға жақсы мүмкіндік алды, бірақ оны пайдалана алмады. Раундтың соңында Мұрсалиевтің өзі ауыр соққыны өткізіп алды.

Екінші раундта Абдуллаев басымдылыққа ие болып, қажыған қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.