Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен OCTAGON 55 турнирінде бастапқы кардтың кезекті жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте өзбекстандық Азизбек Темиров (2-0) пен әзербайжандық Эльмир Джафаров (4-1) кездесті.

Бірінші раундта қарсыластардың ешқайсысы басым түсе алмады. Екінші бес минуттық кезеңнің басында Теміров қарсыласына мықты соққылар жасады. Нәтижесінже әзербайжандық спортшы иығынан жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша Темиров мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер, UFC-ге басты үміткер Марсель Нурланбекпен (11-0) кездеседі.

Кештің тағы бір басты кездесуінде аса жеңіл салмақта дивизион рейтингінде екінші орында тұрған Сухроббек Атажанов (5-1) қазақстандық Рысбек Байдуллаев (5-2) арасында жекпе-жек өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 55 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink