Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен OCTAGON 55 турнирінде бастапқы кардтың кезекті жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте әзербайжандық Хейдар Абдуллаев (2-1) қазақстандық Нематулла Даутпен (1-1) кездестіп, әзербайжандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

стеріңізге сала кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер, UFC-ге басты үміткер Марсель Нурланбекпен (11-0) кездеседі.

Кештің тағы бір басты кездесуінде аса жеңіл салмақта дивизион рейтингінде екінші орында тұрған Сухроббек Атажанов (5-1) қазақстандық Рысбек Байдуллаев (5-2) арасында жекпе-жек өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 55 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink