30 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Нүсіп карьерасында үшінші рет «Каспий» сапына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғаш рет Нүсіп 2020 жылдың жазында ақтаулық клубпен келісімшарт жасасып, бір жыл ойнады. Екінші рет жартылай қорғаушы маңғыстаулық командаға 2022 жылы оралды.

Өткен маусымда Нүсіп «Елимайға» Бірінші лигада алтын медаль жеңіп алуға көмектесті. Сондай-ақ ол «Цесна», «Қайрат А», ЦСКА, «Қайсар», «Алтай», «Ертіс», «Тараз» және «Тұран» командаларында өнер көрсеткен.