Лионель Месси өнер көрсететін «Интер Майами» аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» клубымен жолдастық кездесуде тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форт-Лодердейлде (Флорида) өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. «Интер Майами» сапында Шанидер Боргелин (64-минутта), «Олд Бойз» сапында Франко Диас (83) гол соқты. Месси мен Луис Суарес бастап, 60-минутта ауыстырылды.

Месси Барселонаға келгенге дейін 1995-2000 жылдар аралығында Олд Бойзда ойнаған.

Интер Майами 21 ақпанда Солтүстік Америка футбол лигасының (MLS) тұрақты маусымының бірінші матчында Реал Солт-Лейкті қабылдайды.