Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Аталған рейтингтегі алғашқы 10 орын өзгеріссіз қалды. Қазақстан құрамасы 100-орыннан қозғалған жоқ. Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен Тәжікстан 99-орынға көтерілсе, Қырғызстан 104-орынға төмендеді. Ал Өзбекстан құрамасы 2 сатыға жоғарылап, 66-орынға табан тіреді. Түрікменстан 141-орнын сақтап қалса, Әзербайжан 1 сатыға көтеріліп, 113-орынға жайғасты.