Қақпашы Мұхамеджан Сейсен «Ордабасы» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ол «Ордабасыда» Бекхан Шайзадаға бәсекелес болып, 2023 жылы ҚПЛ-да 11 матчқа қатысты. Қақпасына 13 гол өткізіп алды.

Айта кетейік, «Ордабасы» сапында өткен маусымда үш қақпашы болды, Сейсеннен бөлек Бекхан Шайзада мен Қажымұқан Төлепберген өнер көрсетті.