Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов ҰОК президенттігіне әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің ұсынылғаны туралы мәліметке пікір білдірді.

«Қазір ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің өз ассамблеясы болады. Оның өзінің тәртібі бар. Соған сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр», - деді ол Турзим және спорт министрлігінің алқа мәжілісінен кейін.

«Головкиннің кандидатурасын кім ұсынды? Ол өзі кандидатурасы ұсынылғанын біле ме?», - деп нақтылады журналист.

«Федерациялар ұсынған сияқты. Менде ондай ақпарат жоқ. Неге десеңіз, ол мәселемен біздің заңға байланысты адамдар жұмыс істеп жатыр», - деді Елсияр Қанағатов.