Талдықорғандық «Жетісу» 27 жастағы бразилиялық қорғаушы Чарлстон Сильвамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чарльстон Сильва өткен маусымда «Мақтаарал» сапында өнер көрсетті. Бразилиялық 16 матч өткізіп, Атакент клубының Премьер-лигада тіркелуіне көмектесті.

Чарльстон мансабын «Ресифеде» бастады, содан кейін Бразилияның «Портуға» көшті. Оның бірінші еуропалық командасы болгариялық «Царско Село» болды. Болгариядан кейін Чарльстон Солтүстік Македония, Румыния және Венгрияда өнер көрсетті. Ол агентінің шақыруымен Қазақстанға көшіп кеткен.