Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов 24 ақпанда өтетін Naiza FC 57 турнирінде америкалық Кливленд Маклинге қарсы жекпе-жектен бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz - ке сілтеме жасап.

9 ақпанда Жұмағұлов жекпе-жекке дайындық туралы сұраққа жауап берді.

«Ауырып қалдым. Тұмаумен ауырдым, ішек инфекциясы болды. Әлі де өз-өзіме келе алмай жатырмын».

«Барлығы жақсы. Жақсы болып қалдым. Бірақ әлі толық қалпыма келгем жоқ. Турнир өтетін күнге дейін қалпыма келуге уақытым бола ма? Уақыт көрсетеді. Бірақ жекпе-жектен бас тартпаймын, ИншаАллах», - деді Жұмағұлов.

Жұмағұлов (15-9) пен Маклин (17-11) арасындағы жекпе-жек 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өтеді.