Америкалық UFC промоутерлік ұйымы қазақстандық Бекзат Алмаханның (17-1) ресейлік Умар Нурмагомедовке (16-0) қарсы жекпе-жегіндегі дебютін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Умар Нурмагомедов UFC Vegas 87 турнирінде қазақстандық дебютант Бекзат Алмаханмен кездеседі», - делінген промоушен хабарламасында.

Айта кетейік, Нурмагомедовтың аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды 16-0. Алмаханның еншісінде 14 жеңіс пен бір жеңіліс бар.