UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова жақында октагонға оралатынын мәлімдеді.

Мария Агапова Instagram Stories-ке допинг-бақылау кезінде түскен суретін жариялады.

"Жақында жекпе-жек туралы жаңалық болады", – деп жазды файтер.

26 жастағы Агапова әлемдік промоушендегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Бұл кездесуде ол канадалық спортшы Джиллиан Андерсоннан жеңіліп қалған еді. Марияның қарсыласы екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Содан бері Агапова UFC октагонына шықпады. Қазақстандық файтер өткен жылы қазан айында оралуы мүмкін еді, бірақ Марияның виза мәселесіне байланысты Монтана-Ла Россаға қарсы жекпе-жек өтпей қалды.