Қазақстандық Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер жарысының ширек финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингіде 231-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 181-ракеткасы, швейцариялық Александр Ришармен шеберлік таластырды.

М.Кукушкин бір сағат 40 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол эйс жасамағанымен, 5 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. А.Ришар екі рет эйске қол жеткізгенімен, 7 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 103-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини немесе рейтингіде 187-сатыдағы иорданиялық Абедалла Шелбайхтың біреуімен таласады.