Премьер-лиганың жаңа маусымға қатысатын толық құрамы бекітілді. Қаржылай қиындыққа ұшыраған «Мақтааралдың» орнын Павлодар облысының «Ақсу» командасы басады.

Былтырғы маусымда «Ақсу» жоғары дивизионда соңғы орын алып, Бірінші лигаға түсіп қалған. Десе де жаңа маусымда Премьер-лигаға қатысуға ниет білдірген тек «Ақсу» командасы.