ҰХЛ чемпионатының «Колорадоға» қарсы ойынына (3:6) қатысқан «Вашингтон» шабуылшысы Александр Овечкин бір франшизада өткізген ойындар саны бойынша 10-орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл 38 жастағы ресейліктің «Кэпиталз» сапындағы 1396-матчы болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол «Чикагоның» бұрынғы ойыншысы Стэн Микитаның жетістігін қайталады.

Бір клуб сапында Овечкиннен көп тек Горди Хоу («Детройт», 1687), Патрик Марло («Сан-Хосе», 1607), Никлас Лидстрем («Детройт», 1564), Алекс Дельвеккио («Детройт», 1550), Шейн Доун («Виннипег»/«Финикс»/«Аризона», 1540), Рэй Бурк («Бостон», 1518), Стив Айзерман («Детройт», 1514), Майк Модано («Миннесота»/«Даллас», 1459) және Джонни Буцик («Бостон», 1436) өнер көрсетті.