«Оман туры» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде UAE Team Emirates ұлыбританиялық шабандозы Адам Йейтс жеңіске жетті. Екінші орынды чех Ян Хирт (Soudal - Quick Step) еншіледі. Нидерландтық Хуб Артс (Intermarché - Wanty) үшінші орын алды.

«Астана» сапынан Антон Чармиг үздік болды, ол мәреге 34-болып жетті.