Владивостоктағы «Фетисов-Арена» стадионында ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Адмирал» астаналық «Барысты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Осы жеңістің арқасында елордалықтар 11 матчтық жеңіліс сериясын бұза алды.

«Барыс» сапында 35 жастағы қазақстандық шабуылшы Евгений Рымарев дубль жасады, ал Энтони Камара тағы бір гол соқты. «Адмирал» сапында Александр Горшков пен Дмитрий Завгородный голдың авторы атанды.

Айта кетейік, 16 ақпанда «Барыс» Хабаровскілік «Амурмен» кездеседі.

«Адмирал» (Владивосток, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

Шайбалар:0:1 — 13:58 Рымарев.

1:1 — 18:06 Камара (Оберг).

1:2 — 34:59 Рымарев (Старченко).

1:3 — 44:11 Горшков (Берлёв, Бучельников).

2:3 — 57:13 Завгородний (Петьков).

Қақпашылар: Демченко — Паскуале