Қарағандылық «Шахтер» 14 ақпанда ресейлік «Волга» клубымен жолдастық кездесу өткізуі керек еді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Түркиядағы қатты жауын салдарынан ФНЛ өкілдерімен кездесу өтпейтін болғаны хабарланды.

Қарағандылықтар бір күнде екі ойын өткізуі керек – «Волга» және «Уфа» командаларымен. Башқұртстан командасына қарсы матч туралы ақпарат әлі түскен жоқ.