Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Александр Бублик Роттердамда АТР 500 сериясындағы турнирде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда оның қарсыласы хорват Борна Чорич (АТР рейтингінде 31-орын) болды. Бұл кездесуде қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңді.