Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы 16 ақпанда Алматыда өтетін OCTAGON 55 турниріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сардор Худойбердиев денсаулығына байланысты турнирге қатыспайды! Муртазали Магомедов Бексултан Талай уулумен рейтингілік жекпе-жек өткізеді», – деп жазылған промоушен ресми парақшасында.

Еске салайық, Магомедов пен Худойбердиев ұйымның жартылай жеңіл салмақтағы титулын сарапқа салуы керек еді.

Енді Алматыдағы турнирдің басты жекпе-жегі Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) пен Марсель Нұрланбек (11-0) кездесуі болады.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 54 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink