Минск «Динамосы» 2023/24 жылғы Гагарин кубогына қатысу құқығын жеңіп алған Батыс конференциясының соңғы командасы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сейсенбіде беларусь клубы тұрақты маусымдағы матчта «Витязды» (3:2) жеңгеннен кейін болды.

Бұған дейін СКА, Мәскеудің «Динамосы», «Локомотив», «Спартак», «Северсталь», «Торпедо» және ЦСКА плей-офф кезеңіне өткен болатын.

ҚХЛ тұрақты чемпионаты 26 ақпанда аяқталады. Гагарин кубогы 29-ында басталады.