Тәжірибелі грузиялық қорғаушы Зураб Тевзадзе «Жеңіс» футбол клубының сапын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зураб Тбилиси «Динамосының» түлегі. Кәсіби мансабын «Колхети-1913» футбол клубында бастады. Сондай-ақ Грузияның «Гуриа», «Сиони», «Мерави», «Телави» және «Дила» футбол клубтарында ойнаған. Өткен маусымда «Дила» ФК құрамында ол УЕФА конференциялық лигасының іріктеу матчтарына қатысты.