Бүгін, 14 ақпанда Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің екінші турының кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қытайлық Чжу Линь мен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина кездесіп, Рыбакина кездесуде 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

«Мен шынымен бақыттымын. Бірінші кездесуде ойнау әрқашан қиын. Шарттарға үйреніп кетуге көп уақыт болмады. Матч бойы өзімді жақсырақ сезіндім. Бұл жеңіске өте қуаныштымын және келесі ойынды асыға күтемін», - деп келтіреді Рыбакинаның сөзін The Tennis Letter.

Айта кетейік, кездесу 59 минутқа созылды. Үшінші кездесуде Рыбакина АҚШ теннисшісі Эмма Наварромен кездеседі.