Әлемдегі ең үздік промоушен UFC қазақстандық файтер Бекзат Алмахан мен ресейлік Умар Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Умар Нурмагомедов UFC Vegas 87 турнирінде қазақстандық дебютант Бекзат Алмаханмен кездеседі», - делінген промоушенде. Турнир 2 наурызда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Қазақстандық файтер кәсіпқой мансабындағы 18 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жетіп, бір жеңіліске ұшыраған.

Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умардың 16-0 рекорды бар және соңғы төрт жекпе-жегін UFC-де өткізген. Соңғы жекпе-жекте ресейлік бразилиялық Раони Барселосты жеңді.