Қазақстандағы жаңа UNDERDOG MMA промоушені жеңіл салмақта Гран-При ширек финалының алғашқы жұбын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұлар - қырғыз файтері Хасан Юсупов (5-1) пен қазақстандық Әділбек Қайырғали (5-2).

Еске салайық, турнир ережесі бойынша файтерлер барлық жекпе-жегін бір кеште өткізеді. Кеш нәтижесінде чемпион анықталып, ол 2 200 000 теңге еншілейді және рекордына үш жеңіс қосылады.

Жобаның қонақтары әрі сарапшысы ретінде Қуат «Найман» Хамитов, ММА шоумені Камариддин «Камил Карате» Хасанов, UFC файтерлері Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан және Михаил Краймер (Вестник ММА) шақырылды.

Гран-при видеосын NDRDGMMA youtube-каналынан қарауға болады.

Бас серіктес: Parimatch

UNDERDOG MMA сусыны: Gorilla Energy

Powered by UNDERDOG