Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жартылай орта салмақта жаңартылған рейтингтегі орнын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Номад» үшінші орнын сақтап қалды. Рейтинг көшбасшысы Камару Усман, екінші орында Белал Мухаммад тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат кейінгі жекпе-жегін 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде өткізген болатын. Қазақстандық спортшының қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-6-1) болды. Жекпе-жектің екінші раундының соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісін сәтті қолданып, қарсыласынан басым түскен еді.