AMKAL киберспорт ұйымы Counter-Strike 2 командасына жаңа бапкер тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда бапкері Святослав svyat Довбах болды. Ресми хабарландыру клубтың әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Svyat-тің жетекшілігімен команданың дебюті 14 ақпанда PGL CS2 Major Copenhagen 2024 Europe RMR А аясында өтеді.

AMKAL құрамы:

— Алексей NickelBack Трофимов;

— Игорь Forester Безотеческий;

— Александр TRAVIS Тимкив;

— Владислав Krad Кравченко;

— Кайсар ICY Файзнуров;

— Святослав svyat Довбах (бапкер).