ММА файтері Хамзат Чимаев UFC 300 турниріне қатысудан бас тартқан көрінеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Чимаев пен Леон Эдвардстың 14 сәуірге қараған түні Лас-Вегаста өтетін мерейтойлық шарада төбелесуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Чимаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйер: «Сіз UFC 300-нің басты кездесуін титулдық жекпе-жекпен өткізесіз деп үміттенемін», - деп жазды жанкүйер.

«Мен Рамазанда төбелеспеймін», - деп жауап берді Хамзат.