Қазақстандық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында бүгін «Адмиралмен» ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Адмирал» мен «Барыс» өзара 33 кездесу өткізді. Бұл текетіресте «Адмирал» 15 жеңіске жетсе, «Барыс» 18 матчты өз пайдасына аяқтаған.

Биылғы маусымда екі рет кездесіп, жеңістермен алмасты. «Барыс» 4:3 есебімен басым түсті. «Адмирал» буллитте 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» - «Адмирал» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:30-да басталады. Ойынды осы СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.