Ақтаулық «Каспий» 2024 жылғы маусымдағы Премьер-лигаға «Мақтааралдың» орнына қатысуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Дереккөздің айтуынша, ҚПЛ-ға қатысу туралы хаттар жіберілген клубтардың ішінде тек «Каспий» ғана растаған. Алайда, дереккөздің айтуынша, Ақтаулық клубтың келісімі чемпионатқа қатысуды білдірмейді, өйткені «Каспийдің» бұрынғы футболшыларына үлкен қарызы бар.

«Мақтааралдың» қаржылық қиындықтарға байланысты ҚПЛ-2024-ке қатыспайтыны бұған дейін хабарланған болатын. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Ақсу», «Ақжайық», «Каспий» және «Қыран» сынды бірнеше клубтарға ҚПЛ-ға кіру ұсынысымен хат жолдады.