Англиялық «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының басты фавориті аталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Пеп Гвардиола шәкірттерінің жеңісі 32 пайызға бағаланған.

«Реал Мадрид» екінші орында. Патша клубының кубокты жеңіп алуына 15,45 пайыз берілген. Одан кейін миландық «Интер» (11,55%) мен мюнхендік «Бавария» (10,09%) тұр.

Үздік бестікті лондондық «Арсенал» түйіндейді, олардың Чемпиондар лигасында топ жаруы 8,45 пайызға бағаланып отыр. Алтыншы орында - франциялық ПСЖ (6,43%).