26 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Ираклий Бугридзе петропавлдық «Қызылжармен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грузиялық вингер Тбилиси «Динамосының» ойыншысы, оның мансабында сол Тбилисиден «Локомотив», «Чихура», «Динамоның» негізгі командасы, «Дила» сияқты клубтар болды.

Иракли бельгиялық «Беерсхот» сапында ойнаған, оның кейінгі клубы «Торпедо» болды, онда Конференц-Лигадағы 4 матчта грузин 2 рет гол соғып, «Ақтөбе» қақпасына голдың бірін соқты.

Ол «Торпедо» сапында барлығы 64 матч өткізіп, 15 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.